Қазақ дейтін қасиетті қаныммен,
Қанша сырға қанықтым.
Ғасырлардың қойнауына үңіліп,
Ғаламатын жаңа ұқтым

.
«Еңкейге еңкей»дейтін ұлтыммен
Дараланған халықпын.
Ел шетіне жау тигенде барласаң,
Алпамсадай алыппын.


Еңбек дейтін Тәңір сүйген ісіммен,
Жаратқанға жағыппын.
Шүкірлік қып шаңырақтың шаттығын,
Шырағымды жағыппын.


Қыпша белді қынағанда үзілмес,
Қыл арқанды тағыппын.
Иманы мен ибасынан айырсаң,
Еңіреген ғаріппін.
Ұлтым дейтін ұландарым тұрғанда,
Мәңгі сөнбес жарықпын.

Толқын ҚАБЫЛША

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!