Уақыт пен кеңістіктің тынысына толы, адамзат ойының жемісі ол ‒ кітап. Біздің алға жылжуымызға, сөздік қорымыздың молаюына себепші бір кітаптың өзі нағыз байлық қой! Бұрын жастарымыз кітапты оқу үшін таласып, тармасып, кітап туралы қызу талқыға түсіп әңгіме айтып жататын, ал қазір мүлде олай емес. Тіпті бұрын кітапты сыйлыққа берген. Қазіргі жастарға кітап сыйласаң, менменсіп тұрады, тіпті ол кітап кейін қайда қалары белгісіз… Әрине «бес саусақ бірдей емес». Негізі сыйлыққа кітап берген өте орынды деп ойлаймын.
Қазір кітап оқитын жастар саусақпен санарлықтай қана. Әрине бұл өте өкіншті жағдай. Кітаптың орнын «смартфон, компьютер» сынды құрылғылар басты. Бұл заттардың пайдасы да, зияны да бар. Бірақ қазіргі елімізде болып жатқан жағдайға байланысты телефон таптырмас құрал болып тұр. Себебі Covid-19-ға байланысты қашықтан оқып жатырмыз. Алайда қашықтан оқу болса да кітап оқуды ұмыт қылмай, әдетке айналдыруға болады. Ал егер «менің кітап оқуға уақытым жоқ, үнемі сыртта жүрем десеңіз» қазіргі уақытта барлық кітаптың электронды нұсқасы бар. Сондықтан кітап оқуды сылтауға айналдырмай, білімімізді арттырып, қайда жүрсекте кітап оқып жүрейік.
Ал мына кітаптарды әрбір жас оқу керек деп ойлаймын: «Абай жолы» (Мұхтар Әуезов), «Ұшқан ұя» (Бауыржан Момышұлы), «Бай әке, кедей әке» (Роберт Кийосаки, (Шэрон Л.Лектор), «Қан мен тер» (Әбдіжәмил Нұрпейісов), «Табысқа жетудің 7 құпиясы» (Аманжол Рысмендиев).
Бұл кітаптардың арасында мотивациялық, бизнеске, көркем әдебиетке қатысты кітаптар бар. Көркем әдебиетті оқып, білімімізді арттырып, сөздік қорымызды молайтып жүрейік. Ал мотивациялық кітаптарды оқып, алға ұмтылайық. Жастар қазіргі уақытта бизнес саласына қызығушылық білдіруде. Сондықтан бизнес бастағыңыз келсе, осы тізімдегі бизнеске қатысты кітапты оқуға кеңес беремін.
Ақжүніс МАРАТОВА,
М.Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық жоғары колледжінің студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!