А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде жас ақын Биболат Сәтжановтың «Жолқараған» атты тұңғыш кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды.

Жүрегімен жол қараған, өлеңімен өрге тартқан

Шараның алғысөзін алған қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов дарындарға бай Сыр елінің жыр көшін жалғаушылардың ішінде Биболаттың өз бейнесі айқындалған ақын атын иеленіп, талай бәйгелерді бөктеретін жүйрік болатынына сенім білдірді.

Жүрегімен жол қараған, өлеңімен өрге тартқан

Расында да, Биболат ақынды екінің бірінен ерекшелеп тұратын қасиет – аса ізденгіштігі мен ілгерішілдігі.

Мін іздесең

Табу оңай, мінсіз кім?!

Мән іздесең, мәнсіз күнім – жырсыз күн.

Сен айтарың жоқ болған соң көпірдің,

Мен айтарым көп болған соң үнсізбін, – деп рухани ортаға үнсіз келіп қосылған ақын аз уақытта әдебиет мамандарының аузына ілініп, өлеңсүйер қауымның ықыласына бөленіп үлгерді.

Жүрегімен жол қараған, өлеңімен өрге тартқан

Осыдан бір жыл бұрын аңыз ақын Әділ Ботпановты ұлықтау құрметіне арналған республикалық мүшәйрада Биболат Сәтжан бас бәйге алған болатын. Сол өлең мерекесінің ұйымдастырушысы, руханият жанашыры Аманжол Сақыпұлы өз есебінен Биболаттың бір кітабын шығарып беруге уәде еткен. Сөйтіп, «Жолақараған» деп аталатын көлемі жұқа, өлеңі қалың бір дүние өмірге келген.

Жүрегімен жол қараған, өлеңімен өрге тартқан

Жыр кешінде «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары Дәурен Омаров сөз сөйлеп, 440 дана кітапты облыстық кітапхана директорының орынбасары  Айгүл Жанғабыловаға табыс етті. Ол өз кезегінде ақынның тұңғыш жинағы облыстағы барлық кітапханаға жеткізілетінін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!