Мемлекет үшін ақпа­рат­тық қауіпсіздік маңызды. Қа­зіргі БАҚ алаңында дұ­рыс дерек пен жалған дәйек­темені ажырату қара­пайым халық үшін үлкен мә­селеге айналды. Осы орайда әлеу­меттік желінің де қоғам­дық қате пікірдің туын­дауына едәуір ықпал ететіні рас. Мем­лекет басшысының кезекті Жолдауында айтыл­ған қолданыстағы БАҚ ту­ра­лы заңды қайта қарау ке­рек­тігі уақытылы назарға алын­ған маңызды тақырып деп есептеймін.

Бұқаралық ақпарат құралдары шынайы және жан-жақты ақпарат тарату үшін еркін болуы шарт. Бұл Президент тапсырмасынан тыс қалған жоқ, яғни алдағы уақытта журналистердің еркіндігі мен ақпаратты алу қолжетімділігі заңмен реттелетін болады. «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болу керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды» деді Президент.

Бұл – осы өзгерістер бойынша ресми орындар жария­лылық қағидатын негізге алып, журналистерге шынайы ақпарат беруге мән береді деген сөз. Ол үшін БАҚ туралы заң жобасын қайта қарау кезінде журналистердің де пікірі ескерілгені жөн. Себебі ақпарат саласының қызметкерлері билік пен бұқараны байланыстыратын күш, ал олардың елге сапалы қызмет етуі қоғам тыныштығын қамтамасыз етеді.

Аякөз ӘБДІРАЗАҚОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы