9 ақпан – ақиық ақын Мұқағали Мақа­таевтың туған күні. Осыған орай облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен №19 кітапхананың ұйымдастыруымен поэзия дамуына үн қосқан ақынды еске алуға ар­налған әдеби-сазды жыр кеші өтті.
Рухани шараға «Тілдерді дамыту орталығы» КММ-нің оқу әдістемелік бөлім басшысы Гүлбану Сембиева, ғылыми бөлім сарапшысы Шол­пан Қайбрахман, Қызылорда облысы бойын­ша қыл­мыстық-атқару жүйесі департаменті қызмет­кер­лері және Сыр өңіріне белгілі ақындар мен бел­сенді жастар қатысты.
Кеште бірқатар талантты жас Мұқағали әле­міне терең бойлап, оның сыршыл поэзиясы, па­йым­дауы өзгеден бөлек жебелі жырларын жүрек­терге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді. Соны­мен қатар ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жас­тық жыры» секілді жинаққа енген тұңғыш өлеңдері оқылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!