Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Мәсімовке іздеу жариялады.
«Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімов іздестірілуде. Оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда агенттік телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз: call-центр 1424, +7 (7172) 909 260, +7 (727) 278 7300, +7 (707) 978 0808», – делінген хабарламада.
Іздестіріліп жатқан күдіктінің орналасқан жері туралы ақпарат берген адамға 4 000 айлық есептік көрсеткішке (шамамен 12,7 миллион теңге) дейін сыйақы төленеді.
Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов сот шешімімен сырттай қамауға алынды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.
Нұрлан Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген күдікпен тергеліп жатқан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі екені белгілі.
Мәтін: Stan.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!