Президенттің жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Балаеваның кандидатурасын Мәжіліс депутаттары қолдаған.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ал 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Ол әр жылдары Президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімін басқарды, ақпарат және қоғамдық даму министрі, сондай-ақ Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!