Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қаңтар оқиғасы кезінде Ақордада болған жағдайды айтып берді.»Менің көзімше болған бір оқиғаны айтайын. Алматыдағы және басқа өңірлердегі оқиғалар болып жатқанда күзет қызметкері кіріп келді. Мен де президенттің кабинетінде отырдым. Сол кезде күзет қызметкері президент мырза, Ақордаға шабуыл жасалуы мүмкін, сізді қауіпсіз жерге көшіруіміз керек деді. Енді бұл олардың жұмысы ғой, тәртіп солай. Сонда мен президентті басқа қырынан көрдім. Ол тұрып, мен ешқайда бармаймын, не болса да, осы жерде көремін деп айтты, қатты айтты», – деді Қошанов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, президент қысқа ғана жауап берді. Сосын күзет қызметкерін қайтарып жіберді.»Сол кезде мен президенттің мінезін де, батылдығын да көрдім. Оны басқа қырынан таныдым», – деп атап өтті Қошанов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!