Бахыт Жаханов ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.


Бұған дейін Бахыт Дүйсенұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымында болды.


Б. Жаханов 1974 жылы туған. Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болып бастаған.


Әр жылдары Қызылорда облысының экономика, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ білім басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.


2008-2011 жылдары – Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларын басқарған.
2011-2015 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазалы ауданының әкімі.


2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.


«АЖ» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!