Бүгінгі сайлауда №12 IT-мектеп-лицейде орналасқан №255 сайлау учаскесінде қала тұрғыны Андрей Фадеев алғашқы болып өз дауысын берді.

«Облыс пен қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың маңызы зор. Себебі тұрғындар қала мен қала ішіндегі әр аумақтың болашағы үшін жұмыс жасайтын билік пен халықтың арасындағы көпір — депутаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. Мен өз таңдауымды жасадым. Көпшіліктің дауысымен сайланған депутат өңірімізді көркейтіп, гүлдендіру үшін күш-жігерін жұмсайды деп сенім білдіремін», – дейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!