фото: The White House, depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының футболшысы және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға үн қатты. TikTok-та жарияланған видео 1 миллионнан аса қаралым жинаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Дональд Трамп Роналдуға үн қатады.

«Роналду, сен – тарихтағы ең ұлы футболшысың. АҚШ-қа керексің. Қазір-ақ жолға шық. Сен бізге дәл қазір қажетсің», – дейді Трамп.

Видео әрі қарай жасанды интеллект көмегімен жасалған әзіл видеомен жалғасады. Онда Трамп пен Роналду доппен ойнап тұрғаны көрсетілген.@realdonaldtrump

A MESSAGE FROM ONE GOAT TO ANOTHER♬ original sound – President Donald J Trump

Әйгілі футболшы бұл «ұсынысқа» әзірге жауап берген жоқ.

Еске салайық, жуырда Сауд Арабиясы чемпионатының 22-туры аясында өткен «Әл-Наср» – «Әл-Фатх» матчінде 5 ақпанда 41 жасқа толған португалиялық ойыншы 18-минутта гол соғып, есеп ашқан. Тарихи 1000 голдық межеге жету үшін оған әлі 38 гол керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!