Күні кеше Қазақстан мен Қытай мемлекеттері өзара келіссөз жүргізді. Нақтырақ айтсақ, Қазақ еліне ҚХР Төрағасы Си Цизиньпин мемлекеттік сапармен келген болатын. Қасым Жомарт Тоқаев мәртебелі қонақты салтанатты түрде қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен соң, келіссөз жүргізу залына өтті.

Қазақстан мен Қытай мемлекеттер басшылары талқылаған өзекті тақырыптардың бірі – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесі болды. Бұл салада табысты жүзеге асқан бірлескен жобалар бар екенін Ел Президенті атап өтті. Онда егіншілікте smart жүйесін қолдануға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге айрықша назар аударылатынын атады. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың тәжірибесі мен технологияларын қолдануға, нақты инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екеін де тілге тиек етті.

Президеттің қолдауымен еліміз жылдан жылға дамып келеді. Әр елмен нәтижелі келіссөз жүргізіп, ел дамуына үлес қосуда. Ақ патшамыз аман болса, Қазақтың туы көкте мәңгі желбірейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!