Forbes журналы жыл сайынғы ең бай адамдар тізімін жариялады. Биылғы тізімге 5 қазақстандық енген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Forbes мәліметіне сәйкес, биыл Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның жағдайы 219 миллиард долларға бағаланған. Маск бірінші рет Amazon компаниясының директоры Джеф Безосты басып озды. 

АҚШ, Қытай және Үндістан – миллиардерлер саны көп мемлекеттер. Forbes нұсқасы бойынша бай адамдардың алғашқы ондығы мынадай:

  1. Илон Маск (219 млрд доллар);
  2. Джеф Безос (171 млрд доллар);
  3. Бернар Арно (158 млрд доллар);
  4. Билл Гейтс (129 млрд доллар);
  5. Уоррен Баффет (118 млрд доллар);
  6. Ларри Пейдж (111 млрд доллар);
  7. Сергей Брин (107 млрд доллар);
  8. Ларри Эллисон (106 млрд доллар);
  9. Стив Балмер (91,4 млрд доллар);
  10. Мукеш Амбани (90,7 млрд доллар).

Жаңартылған тізімде әлемде 2 668 миллиардердің бар екені көрсетілген. Олардың қатарында 5 Қазақстан азаматы бар. Олар: Владимир Ким (5 млрд доллар), Тимур Құлыбаев (3,8 миллиард доллар), Динара Құлыбаева (3,8 млрд доллар), Болат Өтемұратов (2,8 млрд доллар), Вячеслав Ким (2 млрд доллар).

Қазақстанда тағы екі миллиардер бар, алайда олар өзге елдің азаматтары. 

Бұл – Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы, Грузия азаматы Михаил Ломтадзе (1,9 млрд доллар).

Сонымен қатар Freedom Holding Corp негізін салушы және ірі акционері, Ресей азаматы Тимур Турловтың жағдайы 2022 жылы 2,1 миллиард долларға дейін өскен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!