Бір мандатты округтер бойынша Абай облысынан Мәжіліс депутаттығына сайланған Нұртай Сабильянов өзін «мәңгі депутат» деп сынаушыларға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың сөзінше, елімізде кез келген азаматтың өзін-өзі депутаттыққа ұсынуға құқығы бар.

«Бір мандатты округтер бойынша азаматтардың өзін-өзі ұсыну жолымен Мәжіліс депутаттығына кандидат болуға мүмкіндік берілді. Барлық талаптарға сәйкестігі расталып, үміткер болып тіркелгеннен кейін әрі қарай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді», – дейді халық қалаулысы.

Сондай-ақ,  Сабильянов Мәжіліс қабырғасында өзін сайлаған Абай облысының халқын алаңдатқан мәселелерді көтеруге ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін VIII сайланған Мәжілістің депутаттары ант берді.

Ант беру рәсімінен кейін Мәжілістің төрағасы, оның орынбасарлары және комитет төрағалары сайланды.

Нұртай Сабильяновқа Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін басқару міндеті жүктелді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!