Ресейдің Сыртқы саясат мұрағатында XVII-XIX ғасырларда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған.

Мәскеудің мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды. Ресейдің Сыртқы саясат мұрағатында XVII-XIX ғасырларда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Ж.Болдықов бастаған топ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен Ресейдің Мәскеу қаласына барған. КТК арнасының мәліметінше, «Архив-2025» жоспарын іске асыру мақсатындағы іссапарда мамандар ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелген.  

– Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттарды тапқан. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік кітапханасынан ел тарихына қатысты 47 мыңға жуық әдебиет алынса, Ресей мемлекеттік тарихи-көпшілік кітапханасынан ХVII ғасырға тиесілі литографиялық кітаптар мен сирек жазба мұралар анықталды. 4 ғасырлық тарихы бар Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің қорын зерттеу барысында жер мәселесіне қатысты құжаттар, карталар мен бұйрықтар белгілі болды. Ал Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған, – делінген ведомство хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!