Фото: t.me/mazhilis_kz
Жаңа депутат Серік Ерубаев Парламент Мәжілісі комитеттерінің бірінің құрамына сайланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Бүгін Мәжілістің «Ақ жол» партиясынан депутат Серік Ерубаев қатарымызға қосылды», – деді палата спикері Ерлан Қошанов жалпы отырыста.
Жаңадан сайланған депутат биыл жазда мандатынан айырылып, «Ақ жол» партиясынан шығарылған Асқар Садықовтың орнына келген.
Мәжілістің жалпы отырысында Серік Ерубаев Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құрамына да сайланды. Оны депутат Снежанна Имашева басқарады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!