Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік заңнамасына енгізілген өзгерістерге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет Ақордадан
Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.
Одан бөлек, Қасым Жомарт «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына да қол қойды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!