Қазақстанда майнерлер елде тапшылық туындаған жағдайда электр қуатынан ажыратылуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Кімдер майнер деп танылатыны туралы ереже әлдеқашан қабылданған. Бірақ елде электр энергиясы тапшы болса, оларды өшіруге құқығымыз бар. Яғни, олардың жұмыс істеуге деген сөзсіз құқығы жоқ», – деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілістің Үкімет сағатынан кейін кулуарда.

Министрдің айтуынша, ведомство QazaqGaz ұлттық компаниясымен бірлесіп тұтынушылардың жаңа санаттарын: ірі коммерциялық тұтынушыларды және цифрлық өндірумен айналысатын тұлғаларды заңнамалық тұрғыдан енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг алымы енгізілді. Ол тұтынылған электр энергиясының нақты мөлшері үшін алынады. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша төлем ретінде бюджетке 652 миллион теңге түскен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!