Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты ойын білдірді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы бойынша тергеу мен сот өз үкімін шығарады деп ойлаймын, – деп жауап берді Д. Абаев Үкімет үйінде тілшілер сұрағына.
Үкімет кулуарында тілшілер Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек, бірнеше адамның күдікке ілінгенін айтты. Егер олардың кінәсі расталса, министр отставкаға кетуге дайын ба деген сұрақ қойды.
Егер бұл жымқырулар мен басшылық еткен жылдары болса, онда мен отставкаға кетуге дайынмын. Қашан болғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен сұраған жөн, – деп жауап берді Дәурен Абаев.
Олжас АДАЙ
Дереккөз бен мәтін: baq.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!