Жақында Президент Халыққа Жолдауында саяси жүйеде түбегейлі өзгерістер орын алатынын атап өткен болатын. Бұл бастама Жаңа Қазақстанды құру, мемлекеттік жүйенің өзгеріске бет алуына септесетінін жеткізіп, қолдауға шақырды. Осыған орай кең көлемді саяси науқан жүргізіліп, Жолдауда көтерілген мәселелер республикалық референдумда жалғасуда.
Нәтижесінде 5 маусым күні бүкілхалықтық референдум өткізіледі. Референдумның негізгі мақсаты – ашықтық және халықпен кері байланыс орнату. Ата Заңға да өзгеріс енбек.
Референдум аясында қол жететін конститутциялық өзгерістер халықтың өмір сапасы мен сан саладағы ілгерілеуге бастайтынына сенемін. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалған қадам әр азаматтың құқық еркіндігін кеңейтіп, келешекке деген үмітін жандандырары сөзсіз
Ұлықбек БЕКҰЗАҚҰЛЫ,
«Қалалық мәдениет үйлері,
клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК
көркемдік жетекшісі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!