Президент Әкімшілігінде аппарат басшысы болып Серік Кенжебаев тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Серік Кенжебаев 1971 жылы 22 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша, ал 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін “Қаржы және несие” мамандығы бойынша бітірген.
Бірнеше жыл жеке құрылымдарда жұмыс істеді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алулар агенттігінің «Электрондық коммерция орталығы» мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары болды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппараты басшысының орынбасары (келісімшарттық қызмет), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету дирекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрінің орынбасары болып Қаныш Әбубәкіров тағайындалған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!