Фото: t.me/aqorda_resmi
17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Ол 71 жасқа толып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл күн – әдеттегі жұмыс күні. Ол жұмыс орнында болады.
Мемлекет басшысы былтыр да дәл осындай ұстанымда болды.
Бұл – Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту әдетке айналмаған, – деп түсіндірді Берік Уәли tengrinews.kz тілшісіне.
Бұл күнге байланысты ешқандай іс-шаралар жоспарланбайды, әкімшілік қызметкерлерінен де құттықтаудан бас тарту сұралған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!