Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», – деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін бұл қызметті Берік Уәли атқарған еді. Ол бүгін Абай облысы әкімі болып тағайындалды.

Айта кетейік, Руслан Желдібай бұған дейін президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымын атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!