Қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалық етуімен өткен алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында бірнеше маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде бас шаһарда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен жол, ауыз су, кәріз жүйелерінің жаңару жайы, бюджеттің игерілу барысы, жер қатынастарындағы ахуал талқыланды. Бүгінде облыс орталығында көгалдандыру мен абаттандыру шаралары қарқынды жүргізілуде. Ал, құрылыс және жөндеу жұмыстары қайта жанданып, жоспарға енген шаруалар кезең-кезеңімен атқарылуда. Дегенмен, әрбір істе тиянақтылық қажет. Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы құрылыс саласына ерекше көзқарас қалыптастырып, сапаға ден қоюды тапсырды.
Қала әкімі қалалық қаржы бөлімінің басшысына бюджеттің игерілмеуіне қатысты ескерту жасап, жалпы бөлінген қаражаттың мақсатты және мерзімінде жұмсалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Мәжіліс соңында қала әкімі Асылбек Шаменов сала жетекшілеріне жүктелген міндеттемелерді тиянақты орындауды, жүйелі жұмыс істеуді тапсырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!