Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры қызметіне Ақпанбетов Нұрбек Нысанбекұлы тағайындалды.

Нұрбек Нысанбекұлы – 1993 жылы Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2016 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің инспекторы болып бастаған.

2017-2021 жылдары Жалаңтөс батыр ауылдық клубының әдіскері, аудандық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Ал, 2021 жылдың тамыз айынан бастап Қазалы қаласындағы «Жастар ресурстық орталығының» директоры қызметін атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!