Роман Төреханов. Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Шыңғыс Аринов атқарған. Кейін ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
9 ақпанда жаңа тағайындалған төтенше жағдайлар министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жемқорлықпен қалай күресетінін айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!