Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словения, Босния және Герцеговина, Черногория, сондай-ақ Тунис елдеріндегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжаттар 2025 жылғы 13 қазанда Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен Данияр Сарекенов Словения Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшісі қызметінен босатылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!