Фото: pixabay.com
Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов су тасқынының алдын алуға бюджеттен бөлінген 7 миллиард теңгенің қайда жұмсалғанына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министрдің орынбасары журналистердің сауалына жауап беріп, 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Түсіндіре кетейін. Іс жүзінде 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген жоқ. Тек қарастырылған. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген. Бүгінгі таңда әкімдіктердің мәліметінше, 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаржының барлығы қазір көріп отырғаныңыздай, су тасқынының алдын алуға және онымен күресуге бағытталуда», – деді Сыздықов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!