Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда айтты.

Біз ғылымның ұлттық экономикаға қосатын үлесін көбейтуіміз керек. Сонымен бірге, әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастықты күшейткен жөн. Ғалымдар еліміздің рухани дамуына да баса мән бергені дұрыс, – деді салтанатты жиында Мемлекет басшысы.

Тоқаев жастардың отаншылдық рухын күшейту керек екенін атап өтті.  

Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы, – деді ол.

Мемлекет басшысы «туған жерге туыңды тік» деп халқымыз бекер айтпағанын еске салды. Біз – туын әрқашан биік ұстаған ел екенімізді айтты.

Сондай-ақ Қаныш Сәтбаевтың «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес сөзін мысал келтірді.  

Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым, – деді Президент.

Мәтін: baq.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!