Фото: t.me/aqorda_resmi

Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!