Орталық сайлау комиссиясы сенбі күнгі отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Отырыста ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдегендей, уәкілетті мемлекеттік органдардан (Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Құқықтық статистика комитеті, Бас прокуратура) азамат Тоқаевқа ешқандай талап-арыз жоқ. Кандидаттың ОСК-ға ұсынған құжаттары тексеріліп, кандидат ең төменгі жалақының 50 мөлшерінде жарна төлеген.
Тоқаев мемлекеттік тілді білуге емтихан тапсырған жоқ, өйткені бұл талап заңға сәйкес қазіргі мемлекет басшысына қатысты емес.
“Президенттікке кандидат Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының өзіне конституцияда және «Сайлау туралы» конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкес келетіні белгіленсін. Кандидатты қолдап қол жинау үшін қажетті мөлшердегі қол қою парақтарын шығарсын”, – делінген ОСК шешімінде.
Айта кету керек, Тоқаев Орталық сайлау комиссиясынан ресми «рұқсат» алған алғашқы кандидат болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!