«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке батыр бабаларымыздың Отанға қызмет етудің даңқты дәстүрлері мен бүгінгі ұрпақтар арасындағы терең байланысты білдіреді.

Отан қорғау – қасиетті парыз және жауапты миссия. Әскери антына адал, нағыз патриоттарды халқымыз қашанда ерекше қастер тұтқан.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде әскер Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің мызғымас тірегіне айналды.

Қорғаныс әлеуетін нығайту, әскери қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және оларды жан-жақты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты қорғап, Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын қорғап жүрген сарбаздар мен командирлерге алғысымды білдіремін.

Біздің ержүрек жауынгерлеріміз халық сенімін ақтайтынына сенімдімін! Барлық азаматтарға бақ-береке және табыс тілеймін!»,- деді президент Ақордадағы құттықтауында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!