Фото: Акорда
Sputnik. Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды», — деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына.
Дерекке қарағанда, парламент палаталарының төрағалары да қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.
«Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат — тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», — деп олықтырған президенттің Баспасөз хатшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!