Бір мезгілде ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

ҰҚК мамандарының шетелдік агентті құрықтау сәті (Бейнежазба ҚР ҰҚК-нің YouTube желісіндегі каналынан алынды)

2022 жылғы 25 наурызда ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген ҚР азаматын ұстады.

Бір мезгілде ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік агент ұсталды (ВИДЕО)
Фотосурет дереккөзі: SN.kz сайты

Бұдан өзге, ҚР-да «А» әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған.

Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.

Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және  255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ескерту: Барлық мәліметтер мен фото-бейне жазбалар ҚР ҰҚК-нің ашық дерек көздері және ақпарттық сайттардан алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!