Фото: golosameriki.com
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский соғыс жағдайы орнап, елде президент сайлауының болмағанына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.
Зеленский Франциядағы баспасөз мәслихатында Украина халқы оны заңды мемлекет басшысы деп санайтынын, ал Владимир Путиннің бұл мәселеге қатысы жоқтығын мәлімдеді.
– Легитимділікті Украина халқы шешеді. Біздің халқымыз еркін. Путиннің заңдылығын тек Путин жолдас таниды, – деді ол.
Еске сала кетейік, 20 мамырда Зеленский Украинаның президенті болғалы тура 5 жыл өтті. Әскери жағдайға байланысты елде жаңа сайлау өткізілген жоқ.
Путин Украинаны «заңды билік» ұсынған жағдайда ғана соғысты аяқтау туралы келіссөздерге дайын деп мәлімдеді, өйткені оның айтуынша, «Зеленскийдің легитимділігі аяқталған».
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!