Қызылорда қаласы әкімінің 2022 жылғы 1 маусымдағы өкімімен Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жағыпар Айтбайұлы 1984 жылдың 24 қарашасында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2002-2006 ж.ж Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің “Тарих және құқық” факультетін, 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын үздік бітірді.

Еңбек жолын 2006 жылы «Болашақ» университетінің колледжінде тарих пәнінің оқытушысы болып бастаған.
2007-2008 ж.ж. №235 орта мектебі директорының орынбасары;
2008-2009 ж.ж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы;
2009-2010 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;
2011-2012 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
2012-2013 ж.ж. Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары;
2014-2015 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің инспекторы, бас инспекторы;
2015-2020 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;
2020-2020 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі;
2020-2022 ж.ж. Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!