Соңғы 5 жылда қаржы пирамидалары елімізде белең алып, тіршілігін түгендеп, біршама халықты арбағаны белгілі. Бір ғана мысал,өткен жылы елімізде 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына қомақты қаржы салып, опық жеді. Шығынын есептесек, 54 млрд теңге. Бүгінде дәл осы мәселеге байланысты 65 қылмыстық іс қаралып жатыр. 3 мыңнан аса адам жәбірленуші ретінде тіркелген. Қанаты кеңге жайылған мәселені қордалап көрсек.

Қаржы пирамидасының төрінде «Teletrade D.J.Limited» шетел компаниясы болған. Қазынасын молайтқан тұста компанияның қылмысы әшкерелінді. Ұйымның 700 мыңнан астам доллары мен 130 мыңдай еуро қаражатына арест қойылды. Сондай-ақ Армения, Латвия, Литва жәнеРесейдебанктікшоттарыанықталған. ОданбөлекТүркиядақонақүй мен 3 пәтертүріндегіактивтерінетұсаусалынды. Қазірбұліссотқажіберіліп, қаралып жатқанға ұқсайды.

– Осы тұста алаяқтар жарнамалар арқылы халықты алдап, қалтасын қағып түсіріп жатқанын айта кеткен жөн. Қаржы пирамидалары қазір өзін үстеме инвестиция саласындағы табысты ұйым ретінде көрсетіп отыр. Олар өздерінің жарнамаларында «инновациялық жобалар», «жоғары табысты бизнес», «өте тиімді», «онлайн табыс» деген сияқты сөздерді қолданады. Тұрғындар арам пиғылды азаматтардың арбауына түсіп қалмас үшін ол компанияны зерттеп, зерделеу қажет, – деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Сөздің жаны бар. Олай дейтініміз жарнамасы жер жарар дүниеге жалтақтайтынымыз жасырын емес. Жарнама демекші халық идеалға балап жүрген тұлғалар, яғни блогерлер пирамиданың қарыштауына сеп болып отыр. Кімдер деген сұрақ туындауы хақ. Ендеше аталған мәселеге қатысы бар деген тұлғаларды тізбектейік. Телефонға теліміріп, жұрт көріп жүрген вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және блогер Азимжан Саидбаевтар бар.Жастар жұлдызға балайтын үш блогер Mudarabah Capital компаниясын жарнамалай бастаған. Тергеу барысында үшеуі де компанияның құрылтайшылары атанды. Нәтижесінде компания қаржы пирамидасы деп танылды. Ауқымы кеңейген мәселе Мәжіліске де жетті. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәселеге қатысы бар адамдардың барлығын жауапқа тарту керегін жеткізді.

– Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының тиісті мемлекеттік органдарға берген тапсырмасы бар. Заң жобасы дайын. Енді құжатты жедел түрде қарауымыз керек. Тұжырымдамаға сәйкес онда қаржы пирамидасын жарнамалағандарды жауапкершілікке тарту мәселесі қамтылу керек. Әсіресе вайнер мен блогер сынды қоғамдық пікір қалыптастырушылар қаржы пирамидасы екенін біле тұра жарнамаласа, ол үшін жауапкершілікке тартылады. Өйткені адамдар оларға сеніп, дүние-мүлкінен айырылып жатыр. Бүгінде қаржы пирамидасына қатысы бар 130 адам қылмыстық жауапқа тартылды. 180-нен астам жалған қаржы компаниясы мен фирма әшкереленді. Тергеу кезінде алаяқтар халықты алдап, қолды қылған 3 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Бірақ бұл тұрғындардан қағып түсірген қаражаттың небәрі 5 проценті ғана. Алаяқтар көбіне инвестициялық табыс, онлайн пайда деген сөзді жиі қолданады. Мәселен, «Astex.kz» пирамидасы халықты тендерге қатысуға үгіттеген. Бастапқыда инвесторларға дивидендтерді жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төлеген. Кейіннен жеткілікті пайдаға кеңелген сәтте тайып тұрған. Бұл – кең тараған тәжірибе. Сондықтан тірнектеп жинаған қаражатты жұмсамас бұрын 7 рет өлшеп барып, шешім шығарған абзал. Мамандардың кеңесі осы, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс депутаттары бұл мәселеге келгенде ҚР Бас Прокуратурасы осалдық танытып отқанын алға тартуда.Алайда Ішкі істер министрлігінің пирамидаға қарсы қызметі қызып тұр. Заң қызметкерлері қаржы пирамидасын анықтауға қатысты бірнеше кеңес ұсынады. Біріншісі, бонус. Компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берсе, онда бұл ол жерге ақша салудан бас тартып, таныстарыңызды мұндай қауіпті дүниелерге жоламауға үгіттеуге негіз болады. Екіншіден, нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары кепілдендірілген жоғары табыс жайлы әңгіме болса, бірден бас тарту қажет. Егер компания халықтан ақшалай салым тартса немесе қор нарықтарына инвестиция салуды ұсынса, бірақ оның лицензиясы болмаса, онымен байланысудың қажеті шамалы. Мұндай ұйымдар Қаржы мониторингі агенттігімен бақыланбайды, яғни жәбірленушілердің құқықтар мен мүдделерін ешкім қорғай алмайтынын есте ұстау маңызды. Қаржы пирамидалардың жарнамасы тұтынушыларды жылдам тартуға арналған және пирамидалардың негізін қалаушыларға ғана пайдалы ақпаратты ғана қамтиды. Әрине, жарнама берушілер мұндай компанияның клиенті тап болуы мүмкін қатерлерді айтпауға тырысады.Сонымен қатар олар келісімшартқа ойланып-толғанбай қол қоюға шақырады. Бұл ретте асығыс шешім қабылдамаңыз. Осы кеңестердің өзінтізбектеп шықсаңыз, ойға түйеріңіз көп.

Зере ӘДІЛЕТ