Фото: smartnews.kz

Адреналин қуған жүргізушілердің қара жолда жан тапсырып, қайғылы жайттардың болып жатқаны жасырын емес. Мәселен, 2023 жылы 15 886 жол-көлік апаты болып, 22 мыңнан астам адам жапа шеккен. 2022 жылмен салыстырғанда ЖКО 7,1% көбейіп, одан зардап шеккендер 2,5%- ға көбейген. Бұл жүргізушінің тәжірибесіздігінен бе, әлде астыртын әрекеттің кесірінен бе? Мақаламызда сауалға жауап іздеп көрдік.

Жүргізуші куәлігін сатып алғандардың жазасы қандай?

Алдымен жүргізуші куәлігінің бүгінгі жай-жапсарына назар аударсақ. Қазір бұл куәлікті сатып алу процесі өте оңай дейді білетіндер. Тіпті әлеуметтік желіде ашық түрде ешқандай емтихансыз куәлікті алуға көмектесетіндердің қатары артқан. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» демекші, мұндай ақпарат куәлікті қажет етіп жүргендер үшін оңай олжа. Куәлігі бола тұра, одан айырылып қалғандар да осы залалды қызметтің игілігін көріп жүр. Олар арнайы базадан бұрынғы жүргізуші куәлігін жойып, қайтадан сатып алу арқасында көлік айдау құқығына ие болуда.

қарсы істер агенттігі мониторинг жүргізіп, нәтижесінде автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бюджеті 10,2 мың автокөлікті тіркеу кезінде 10,9 млрд теңгеден 91,3 млрд теңгеге дейін, яғни 9 есе күрт өскенін анықтады. Автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің болғаны анықталған.

– 2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан автокөлікті тіркеу жүйесі сыбайлас жемқорлыққа төтеп бере алмады. Қызметкерлер жөн-жосықсыз жалған деректер енгізіп, растығы күмәнді құжаттарды берумен айналысқан. Үш жыл ішінде агенттік 23 қылмыстық істі тергеп, осы аяда 3 мыңнан астам заңсыз көлік есепке қойылды. 60 мың жүргізуші куәлігінің заңсыз берілгені анықталды. Осындай іс-әрекеттерге тосқауыл қою үшін уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар енгізілді, олардың бір бөлігі іске асырылды, – деді ведомство мамандары.

Сатқан да, сатып алған адам да жазасыз қалмайды. Себебі мұндай бассыздық адам өміріне қауіп төндіріп, орны толмас қателікке ұшыратады. Елімізде жылына 2 мыңға жуық адам жол-көлік оқиғасының кесірінен жан тәсілім етеді. Қылмыстық кодекстің 385-ші бабына сәйкес «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» 4 мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Заң аясында жалған куәлікті қолданғандар да судан таза шықпайды. Олар сатып алған бағадан 35 есе көп төлейді немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Яғни, куәлікті астыртын әдіспен 200 мың теңгеге сатып алған болсаңыз, 7 млн теңге айыппұл арқалауға да дайын болыңыз.

Заңда не өзгерді?

17 сәуірде өткен Мәжіліс отырысында «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы біршама тақырып талқыға түсті.

Ендігіде қатаң жолда жүру ережесін бұзғандар 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлікті тізгіндеген, сонымен қатар алкоголь немесе есірткі тұтынған адамдар жеті жылға дейін емтихан тапсыру мүмкіндігінен шегеріледі.

апсыру мүмкіндігінен шегеріледі.

Бүгінде электросамокат пен мопедке қызығушылар саны артқан. Бірақ оның ықпалынан туындаған ЖКО статистикасының өсуі заңға өзгерістер керектігін дәлелдеді. Мұндай транспорт иелеріне ендігіде уәкілетті органдарға тіркеліп, «А» санатындағы жүргізуші куәлігін алу міндеттелді. Сондай-ақ олар жыл сайынғы техникалық тексерістен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру рәсімінен өтуге тиісті. Қозғалыс жүрісін реттеуге ықпал ететін аталған заң жобалары іске асырылған сәттен бастап, жүргізушілер әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес тәртіпбұзушылық орын алған жағдайда мемлекет алдында жауап береді.

Сондай-ақ кішігірім өзгерістер туралы хабарлап өтсек. 6 маусымнан бастап Ішкі істер министрлігі жол ережесіне мынадай өзгерістер енгізді: біртұтас жолақты басу – жолдың қарсы бағытына шығып, жол ережесін бұзу деп есептелінеді. Ережені бұзған жүргізушілер 6 ай көлемінде көлік айдау құқығынан айырылады7

Қазақстанда заң бойынша жүргізуші куәлігі 18 жастан беріледі, ал автомектепті 16 жастан бастап оқып, ережелерді меңгеруге рұқсат бар. Кейінгі енген өзгерістер бойынша ендігіде автомектепті оқу барлық куәлік алушыларға міндеттелді.

Дегенмен мұның да бір осал тұсы бар. Автомектепте теориялық және практикалық тұрғыда көлік айдауға үйретеді. Алдымен теориялық, кейіннен қаласаңыз, тәжірибе жинау үшін көліктің тізгініне отырғызады. Бірақ көлік айдау автомектепке төленетін қаражаттан бөлек болады. Яғни, теориялық және практикалық тұрғыда машықтануға бөлек-бөлек ақша төлейсіз. Ал автомектеп теориялық білім алғаныңыз үшін жалпы жүргізуші куәлігін алуға арналған тестке куәлік береді, ал бұл әлі көлік тізгіндемеген талапкерге ұтымсыз.

«Сақтансаң сақтаймын» демекші, автомектеп үміткерді екі бағыт бойынша тәжірибеден өткізген соң ғана тест тапсыруға мүмкіндік бергені дұрыс болар еді.

Куәлік алушылар нені білуі керек?

Куәлікті алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінесіз. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, медициналық анықтама, мемлекеттік баж салықтарын төлегенін растайтын құжат, «С», «D1», «D», «Тм», «Тб» қосымша санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжаттар қажет. Жүргізуші куәлігін алу үшін төленетін мемлекеттік баждың құны – 1,25 АЕК.

Есте сақтаңыз! Жоғарыда атап өткендей, ендігіде кез келген куәлік алушы алдымен автомектепті тәмамдап, мектепті бітіргендігін растайтын құжатымен ғана теориялық тестке жіберіледі. Құжаттың жарамдылығы – 2 жыл.

Оқу-жаттығу үшін талапкерге өздігінше көлік жүргізуге тыйым салынады. Арнайы автодромда нұсқаушының көмегімен ғана тізгіндей алады.

Теориялық тестте 40 сұрақ болады, оның 32 сұрағына дұрыс жауап берген жағдайда ғана практикалық тестке өтуге мүмкіндік алады. Егер теориялық тесттен бірінші рет өтіп, қажетті баллды ала алмаған жағдайда, 2 жыл ішінде қалаған уақытыңызда қайтадан тапсыруға болады.

 Практикалық емтихан да осы реттілік бойынш а жүзеге асады. Прак­тикалық емтиханды тапсыру үшін арнайы мамандандырылған хаыққа қызмет көрсету ор­талығының нұсқаушысымен немесе автомектеп тәлімгерімен бірге үйренуге болады. Дә­рістер арнайы емтихан өтетін жерде (құны 3 мың теңге) болады немесе автодромда өтеді (құны автомектептің ұсынатын ба­ғасына сәйкес).

Куәліктің мерзімі 10 жыл, ал мерзім соңына жеткен соң тестті қайтадан тапсыру міндетті емес. Ал егер куәліктен айырылған болсаңыз, теориялық тест тапсыруға тиістісіз.

ЖЖЕ емтиханындағы ақау қашан жөнделеді?

Тапсыратын теориялық емтиханда жолда жүру ережесін білетіндігімізді дәлелдейміз. Тесттің сұрақтары орыс тілінен қазақ тіліне балама түрде аударылған. Яғни, сұрақтар дұрыс аударылмағандықтан қазақ тілді адамдар үшін қиындық туғызады. Сондайақ кейбір сұрақтардың жауабы қате. Мәселен, көлікті тежеу үшін «алдыңғы дөңгелектер» бірінші болып тоқтайды, ал бірақ тест жауабында «артқы дөңгелектер» деп қате нұсқасы белгіленген. Бұл олқылықты бірі білсе, бірі білмейді. Тағы ескере кететін жайт, тест сұрақтары біраздан бері жаңартылмаған. Емтихан сұрақтарына жаңа сұрақ қосыла бергенімен, ескісі мен қолданыстан шыққан сұрақтар әлі де емтиханда кездеседі.

Түйін. Жуырда Жаңа Зеландияда SPCA (жануарларға жасалатын қатыгездіктің алдын алумен айналысатын қоғамдық ұйым) иттерді көлік тізгініне отырғызып, оларды айдауға машықтандырды. Бұл тәжірибенің мақсаты – жануарларға қорлық көрсететін адамдарға иттердің қаншалықты ақылды екенін дәлелдеу болатын. Небәрі 47 күнге созылған оқу-жаттығу арқасында иттер расымен көлік құралын басқаруды игерді. Арнайы көліктермен тест-драйвтан сәтті өтіп, жүргізуші куәлігіне ие болды.

Айтпағымыз, жануар екеш жануардың өзі оқып, көлікті басқаруды үйренді. Ал біз адам бола тұра салғырттыққа бой алдырып, түбінде орны толмас қайғы-қасіретке ұрынамыз. Ережені білу және оны ұстану – сіздің біліктілігіңізді арттырып, бір адамның өмірін құтқаруға қауқарлы. Берекесіз куәлікті қыруар ақшаға сатып алғанша, сол қаржыны білімге құйған абзал. Жолда сақ болайық!

Нұршат НЫШАНОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!