Фото: dimashnews.com

KAZ.NUR.KZ. Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке кешін өткізеді. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Әншінің айтуынша, концерт 13 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді.

«Ел аман, жұрт тынышта өздеріңізбен тез арада қауышуды жазсын. Баршаңызды жақсы көремін, баршаңызды сағындым», – дейді Димаш Құдайберген видеода.

Айта кетейік, Stranger атты шоудың билеттері бүгін, 22 шілде күні сатылымға шықты. Бір сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамы сатылып кетті.

«Құрметті достар! Ticketon.kz билет операторының сайтында Stranger атты жеке концертімнің сатылымы басталды. Демеушілер Small, Spar желілері», – деп жазды әнші.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!