Танымал Айдарбековтер әулетінің кенже ұлы Заңғар Нұртас шаңырақ көтерген болатын. Күйеужігіт той алдында жоспары орындалмай біраз әуреленгенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Наурыз айында үйленіп, маусымда ажырасқан Заңғар Нұртас екінші рет шаңырақ көтерді. 

“Үйлену тойыма арнап костюм тіктірген едім. Той болардан екі сағат бұрын дайын болды. Тігіншілер үш рет өлшемін алуға шақырды, екі апта тігілді. Бір сағат бұрын киіп көрсем, сыймай қалды. Жарты сағаттың ішінде үстімдегі костюмді жалға алып кидім”, – дейді су жаңа күйеу жігіт. 

Айтуынша, киім тіктіргеннен гөрі жалға алған әлдеқайда арзан әрі тиімді екен.

“Болашақ үйленетін достарым, бауырларым! Менен сіздерге кеңес болсын, мүлдем костюм тіктірмеңіздер. Одан да 5 сағатқа жалға алған әлдеқайда дұрыс шешім екен. Қол еңбегі болғасын өте көп қаражатты талап ететіні белгілі. Қып-қызыл ақша төлеген костюмім сыймай қалып ішім күйіп тұр. Жалға беретін жерлерде керемет жігіттерге арналған костюмдер жетерлік. Бұл жағдай маған сабақ әрі тәжірибе болды”, – дейді блогер. 

Желі қолданушылары, қып-қызыл ақшаның қанша теңге екенін біліп алған көрінеді. “Кеше 10 миллион теңге желге ұшты деп жатыр едің, осы екен ғой”, “Жалға алған костюмің де жаман емес”, деп жұбатса, енді бірі “Бір киіп тастайтын тойға неге сонша шашылдың”, – деп ұрысып алды. 

Еске салайық, Заңғар Нұртастың тойында шақырылған қонақтардан екі есе қонақ келіп, сыймай қалғанын жазған болатынбыз. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!