Фото: https://www.instagram.com/millionkomandasy/

Әлеуметтік желіде танымал болған “Жездуха” фильмінің толықметрі үлкен экранға жол тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабарlike” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жобаның авторлары – “Миллион” командасы. Олар фильмге қанша қаражат жұмсап, ең қымбат қаламақы алған актердың атын атады. 

“Арқадан ауыр жүк түскендей күйде жүрміз. Бір жағы қуанамыз. Одан кейін уайым да басым. Жасаған дүниеміз елдің көңілінен шығар ма екен?” деген күдік те бар. Енді ғана үлкен экранға жол тартты ғой, бастамасы жаман емес секілді. Шымкенттіктерге ұнады деп естіп жатырмыз. Өнер ордасы Алматы мен Астана қалай қарсы алады екен?!. Толықметрлі фильм түсіру идеясын көрерменнің өзі ұсынды. 170 миллион теңгеге түсірдік. 70 миллионды қарызға алдық. Бизнесте жүрген ағаларымыз демеуші болды”, – деп ағынан жарылды команда мүшесі Қанат Тасхан. 

Сонымен қатар, фильмге түскен гонарары ең қымбат актердың атын атады. 

“10 секундтық сахна үшін Тұңғышбай Жаманқұловқа 800 мың теңге бердік. Түсірілім бас-аяғы 30 минутқа созылды. Ол фильмде 10 секундтық көрініс болды. Қанша жылдан бері өнерде жүрген адам болғасын, қанша теңге айтса да, беруге дайын болдық. Ең қызығы, сол ағамыздың айтқан әзілінде халық қатты күлді. Фильмге ат салысқан барлық әртісті ренжітпеуге тырыстық. Салтанат Серкебаеваға 1 миллион 800 мың теңге төледік, Нышанбек ағамыз 2 миллион теңгеден жоғары алды. Өйткені ол кісінің түсірілім алаңындағы күні көп болды”, – деп жауап берді жоба авторлары.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!