Танымал қазақстандық актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі, актер Дархан Мұсаев көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беру мақсатында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында Дариға Бадықовамен ресми түрде ажырасып кеткенін айтып, жеке өміріне қатысты сұраққа нүкте қойды.

«Құрметті ағайын! Көптен бері айтылып жүрген сауалға бүгін нүкте қоюды жөн көрдім. 2008 жылдың 11 тамызында Дариға Бадықовамен некелестік. 16 жыл бойы ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүрдік. Алайда 2024 жылдың күзінде ресми түрде ажырасу туралы өтініш беріп, отбасымызды тарқаттық. Қазіргі таңда Дариғамен жеке өмірде де, шығармашылықта да байланысымыз жоқ», – деп жазды актер.

Айта кетейік, былтырдан бері Дариға Бадықованы актер Олжас Абаймен қосылғаны туралы ақпарат тараған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!