Танымал әнші Дастан Оразбеков “Revue news” бағдарламасында отбасы жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/dastanello

Дастан Оразбеков Алдияр және Демирел есімді екі ұл тәрбиелеп отыр. Өнер иесі уақытының тығыздығына қарамастан, балаларының өміріндегі маңызды сәттерде жанынан табылатынын айтты. 

“Екінші ұлым Демирелмен көбірек уақыт өткіздім. Алдияр дүниеге келген кезде өзім жалындаған жас едім. 25 жаста болатынмын. Өзіме-өзім есеп берсем, балаларымның бірде-бір маңызды сәттерін жіберіп алмаппын”, – дейді әнші. 

Дастан Оразбековтің екінші ұлы биыл мектеп табалдырығын аттады.

“Екінші ұлымның оқу ақысы 4 миллион 200 мың теңге. Иә, балам жекеменшік мектепке оқиды. Менің ойымша, әр ата-ана баласының жағдайын қарап береді ғой. Мен балаларымның оқуына қатты мән беремін. Үлкен ұлым Алдияр Haileybury-де, одан да қымбат мектепте оқыды. Екеуі қазір бір мектепке барып жүр”, – дейді Дастан Оразбеков. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова да ұлы Әнуардың оқуына 4 миллион теңге төлейтінін айтқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!