Фото: instagram.com/daricorn.rr
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков жары Дариға Нұркееваға бағалы сыйлық сыйлағаны туралы Ревю бағдарламасына берген сұхбатта айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Daricorn лақап атымен танылған Дариға Нұркееваға күйеуі Дархан жалпы құны 8 миллионға сыйлық жасаған.
«Енді туған күнге беріп жатқаннан кейін қандай сыйлық болса да бастысы көңіл ғой», – дейді Daricorn.
«8 миллион шамасында бірақ ұмытып тұрмын. Тек сыйға тартқан сағат қымбат болды. Әйтпесе 1001 роза қатты қымбатқа шықпады. Бір ай бұрын маған суретін жіберген. Алайын ба деп сұраған кезде ал деп айттым. Одан кейін ұмытылып кетті ол әңгіме. Өткенде сол сағат туралы сұрап едім. Сөйтсем оны сатып алмапты. Қысқасы қымбат екен деп кетіп қалған. Бірақ мен алып бердім. Бағасы 5 миллион 800 мың теңге», – дейді Дархан.
Айта кетейік, блогер Дархан Жолшыбеков жарына ерекше туған күндік кешті ұйымдастыруға 10 миллион теңге қаражат жұмсаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!