Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Танымал айтыскер ақын, психолог-коуч Айнұр Тұрсынбаева су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, есімі елге белгілі азаматтар да қаржылай ақша аударып жатыр. 

“Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз! Отбасымыздың атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа балалар киімдері, памперс, тағы басқа керек жарақтарды алып әр аймаққа теңдей бөліп тарататын боламыз! Елімізге Алла жар болсын!»,  – деп жазды айтыскер ақын. 

Айта кетейік, еліміздің батыс пен солтүстік өңірі су астында қалып жатыр. Сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 3 702 жеке тұрғын үй, 562 аула аумағы, 1 822 саяжай және әртүрлі мақсаттағы 73 ғимарат, сондай-ақ 155 автожол су астында қалды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!