Блогер Zheka Fatbelly беташар тойында достары 500 мыңдап ақша салды.

Видеодан кадр

Блогер Zheka Fatbelly беташар тойында достары 500 мыңдап ақша салды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Танымал блогердің тойы 8 қыркүйекте болып кетті. Ерекше стильде жасаған тойдың беташары да жаңаша болады. Той жүргізушілері елдегі танымал асаба Қабдол мен Жандос. Әдетте беташардың ашқасын салуға киіз үй, үлкендеу ыдыс қойылатын болса, бұл тойда үлкен сандық қойылды.  
Сандық  толды дейді көпшілік. 

Беташарда блогерлің достар 500 мыңдап сандыққа ақша салған. Каспи арқылы, доллорлатып салынған ақшалар көпшіліктің назарын аударды. Бұл видеолар асабалар өз парақшасында тарап кетпей тұрып, тикток желісінде тарап кеткен. 

Желі қолданушылары «Бар болса неге бермеске», «бір үйдің ақшасы жиналған шығар», «сандық қойғаны жақсы болды, әйтпесе ақшалар шашылып жатыр еді» деп пікірін білдіруде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!