Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі, блогер Фариза Алмазова тың деректерді бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогердің сөзінше, жұлдызды әке 8 айдан бері алимент төлемеген. 

”Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым”, – деді Фариза. 

Одан кейін актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады. 

“Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазған актер. 

"8 ай алимент төлемеген": Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі мәлімдеме жасадыФото: Жеке парақшадан скриншот

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!