Танымал блогер, актер, әзілкеш Елдос Кәдірханов туған күнін дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер өзінің 32 жасы мен жұбайының 30 жасына шоу-бизнес өкілдерін шақырған. Бас-аяғы тойға 350 қонақ жиналған. Той актердің туған жері Тараз қаласында өтті.
“Көптен күткен тойымызды өткіздік. Жонушкам “Золушка” болды. Тойға арнайы өмірімізден клип түсірдік. 350 қонақ күтіп, есімізді енді жиып жатырмыз. Серік Ибрагимов бауырым үйленген кезіміздегі әнді айтып, жастық шақты еске түсірді. Аналарымыз келіп, бір марқайып қалдық. Сүйікті әншіміз Мирас Жүгінісов арнайы келіп ән шырқады. Тосынсыйымыз да көп болды. Достарымызға түрлі номинациялар бердік. Келесі туған күнімізді үшеу болып тойлау бұйырсын!”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары отбасылық бейнебаянды көріп, көңілдері босағанын жарыса жазып жатыр.
“Бөпенің суреті шыққанда жылап жібердім”, “8 жылдан бері күтіп жүрген жаңалығымыз”, “Жүрегім ауырғанын-ай! Алла Тағалам осыларды ұлды, қызды қылсыншы! Елдос бөпеге қарап тұрғанда көзімнен жас тоқтамай өзімді ұстай алмай қалдым”, “Денем тітіркеніп кетті”, – дейді желі оқырмандары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!