Әнші Қайрат Нұртас концертінің онлайн нұсқасы сатылатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Билет бағасы – 999 теңге.

«Бұл жай концерт емес. Бұл – атмосфера! Онлайн форматта, тек сен үшін. Қатысу: 999 тг», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары мұны Сәкен Майғазиевтен қайталап отырғанын жазып жатыр.

«Сәкен ағаң дұрыс жол сілтемеді ме, не болды бұл», «Осы Қайратқа ақша жетпей жүр ме?», «Сәкен ағамыздан бата алған ғой», «Сәкеннен қайталап отыр ма?»,  «Музыка емес, хайп қуып кетті», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!