Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа жұбайын туған күнімен құттықтап, қымбат көлік тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші әйелімен бас қосқанына 9 жыл болса да, бір де бір рет туған күнімен құттықтап, жанынан табылмағанын мойындады.

“Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын! Үйленгенімізге 9-жыл болса, 9 жыл сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап қасыңда болмаппын. Осы жылы,осы жолы барымша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің, оригиналым. 4 сағатта ұйымдастырған осы кеште әрқашан қолдайтын алтын достарыма алғысым шексіз. Сізде тілекші болып қойыңыз, ағайын! Жақсылықта жүрейік. Жұғысты болсын”, – деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Желі қолданушыларды келіншегіне су жаңа автокөлік сыйлаған Әбдіжаппарды мақтап, үлгі тұтты.

“Елге де, бізге де, әр еркекке үлгі боларлық іс”, “Әйелін көк ала қойдай сабайтын еркек емес, көлік сыйлап қуантатын жігіттер өте бай болсын”, “Түздегі мен үйдегіні үнемі үйлестіре білген үлкен істің үлгісі болып жүре бер”, “Құтты болсын! Игілігіне мінсін! Бақытты болыңдар”, “4 ұлды өмірге алып келген жан жарыңа қандай сыйлық берсеңде жарасады”, “Алланың берген аманатын қуантқаның үшiн Алла сенi де қуантсын”, – деп жылы лебізін білдірді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!